Факультет жаңалықтары

      

«Мұнайгаз ісі» мамандығының 3 курс студентін Маликов Айдарды және ғылыми жұмыс жетекшілерін х.ғ.д., профессор К.С. Надировты, т.ғ.к., профессор Г.Ж. Бимбетованы, т.ғ.к., профессор М.Қ. Жантасовты құттықтаймыз!!!

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жаратылыстану, техникалық, әлеуметтiк-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердiң ең үздiк Fылыми жұмысына арналған республикалық байқауында М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетiнiң студентi Маликов Айдар Бердибекович I - шi орын алды.

ҚҰТТЫҚТАУ

Құттықтау

 «Механика және машина жасау» кафедрасы ұжымы  жеңімпазы кафедра меңгерушісі Мырзалиев Дархан Сапарбайұлын оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарындағы жемісті еңбектері мен жетістіктері үшін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауының Жеңімпазы болуымен шын жүректен құттықтайды.

 Дархан Сапарбайұлы!  Сізге зор денсаулық, ғылым және білім салаларында жаңа творчестволық табыстар мен жетістіктер  және отбасыңызға амандық тілейміз!

ҚҰТТЫҚТАУ

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында университетіміздің акті залында салтанатты іс-шара өтіп, онда «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы тарапынан жастарды оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары мен сіңірген еңбектері үшін осы оқу орнының бірқатар қызметкерлері марапаттарға ие болды. Соның ішінде «Механика және машина жасау» кафедрасының доценті  Серікбаев Болатжан Ермаханұлы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Лекция

2021 жылдың 9 желтоқсан сағат 15.00-де «Б» корпусының 222 дәрісханасында Украина Республикасы, Львов каласы, Львов ұлттық политехникалық университетінің профессоры,  т.ғ.д., Володимир Михайлович Атаманюк «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының  2 курс докторанттарымен лекция сабағын өтті.

«Ашық есік күні»

      127А кабинетінде 06 желтоқсан 2021 жылы М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың "Механика және мұнайгаз ісі" факультетінде "Стандарттау және сертификаттау", "Мұнайгаз ісі", кафедраларымен бірлесіп Шымкент қаласының мектептері мен колледждерінің оқушылары үшін "Ашық есік күні" іс-шарасын өткізді.

Ашық есік күні өтті

06.12.2021 жылы "Механика және мұнайгаз ісі" факультеті  және "Мұнайгаз ісі", "Стандарттау және сертификаттау" кафедраларымен бірлесіп Шымкент қаласының мектептері мен колледждерінің оқушылары үшін "Ашық есік күні" іс-шарасын өткізді. Іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің кәсіптік бағдар орталығының директоры М.Ж.Айтуреев, "Механика және мұнайгаз ісі" факультетінің деканы Серікұлы Ж., сондай-ақ каферда меңгерушілері мен ОПҚ қатысты.

Халықаралық байқаудағы магистранттың жеңісі

2021 жылдың 1 – 29 қарашасы аралығында Ресей халықтар достығы университеті ұйымдастыруымен «RUDN YOUTH FORUM: Leaders or Eurasia 2021» атты жас лидерлердің Халықаралық қысқы мектебін ұйымдастырған болатын. Осы аталған шараға қатысу үшін студенттер мен магистрант жастар  арнайы тақырыпта портфолиолар жазып өткізген болатын, ал солардың ішінде 40 еңбек жеңімпаз деп танылды.

Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруы

Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындары профессорлары мен оқытушылары арасында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруда. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың айрықша бір жолы ретінде оқытушылық құрамды берілетін білім қызметтерінің сапасын жоғарылатуда серіктес жоғары оқу орындарына және ұйымдарға жіберу болып табылады.

Беттер