ҚҰТТЫҚТАУ
Құттықтау
«Механика және машина жасау» кафедрасы ұжымы жеңімпазы кафедра меңгерушісі Мырзалиев Дархан Сапарбайұлын оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарындағы жемісті еңбектері мен жетістіктері үшін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауының Жеңімпазы болуымен шын жүректен құттықтайды.
Дархан Сапарбайұлы! Сізге зор денсаулық, ғылым және білім салаларында жаңа творчестволық табыстар мен жетістіктер және отбасыңызға амандық тілейміз!