Жұмыс берушілермен кездесу

23 қаңтар 2019 жылы  Университетте «Механика және машинажасау» кафедрасында 5В071200 «Машина жасау» мамандығының 2-ші, 3-ші және бітіруші курс студенттерінің қатысуымен Шымкент қаласы машина жасау саласында өнімдер шығаратын KARLSKRONA LC AB» ЖШС кәсіпорыны өкілдерімен кездесті. 

Кездесу барысында «KARLSKRONA LC AB» ЖШС өкілдері кездесуге қатысушыларға компанияның даму болашағы және жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары туралы баяндап берді.

Жұмыс берушілер осы өндіріс саласының дамуына өз үлестерін қосатын алғыр да білгір жастардың  қажеттігі жайлы  ерекше айтып өтті.

Кездесу кезінде қатысушы қонақтар студенттер тарапынан берілген жұмысқа орналасу, өндірістік және дипломалды тәжірибелерден өту кезіндегі білімді жетілдіру жолдары және т.б.сұрақтарға жауап беріп,болашақ жас мамандардың көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерді талқылады.