ЖОО үздік оқытушысы - 2017

       Механика және мұнай газ ісі факультетінің ұжымы «ЖОО үздік оқытушысы - 2017» гранттарының иегерлері «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Волненко Александр Анатольевичті және т.ғ.к., профессор  Күмісбеков Серік Арғынбайұлын, «Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Аширбаев Хасымхан Атырханұлын,  «Мұнайгаз ісі» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Садырбаева Айнур Сламбекқызын, «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Қалдыбаева Ботагөз Мырзахметқызын құттықтаймыз. Шығармашылық табыс және отбасыларына саулық тілейміз!