«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

        Бағдарламасы аясында өткен іс-шараға «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының оқытушылары Болысова Г. C, Усенова Ж.Н., мен «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының студенттері ММГ-19-6к1, ММГ-19-6к2, ММГ-19-6р1 топтары белсене қатысты. АББО «Кітапхананы дамыту бөлімінің» бастығы Г.А.Мыңбаева, Мәдени іс-шаралар бойынша сектор меңгерушісі С.К.Балтабекова, ММГ факультетінің Рухани жұмысына жауапты, «Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика» кафедрасының доценті Рүстемова Қ.Ж., «ТМ ушін ЖМ және Ф» кафедрасының оқытушысы Абсаматова З., қатысты. 100 жаңа оқулық жобасы аясында өз пікірлерін ортаға салды. Атап айтсақ, «Медиа Этика, Ұйымдық мінез-құлық негіздері», «Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі», «Қазіргі бизнес-коммуникациясы», «Интернет психологиясы», «Тіл-инстинкті», «Тіл тарихы» оқулықтарын қызу талқылады.