" Әуезов университетінің 100 жаңа есімі байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

18. 03. 2021 жылы М. Әуезов университетінің мәжіліс залында " Әуезов университетінің 100 жаңа есімі" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Онда біздің факультеттің атынан қатысқан бірнеше жеңімпаздарымыз бар. атап айтар болсақ, "ҒЫЛЫМ" номинациясы бойынша "Мұнай газ ісі" кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жантасов Манап Құрманбекұлы, "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Байысбай Өмірбек Пернебайұлы жеңімпаз деп танылса, "ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕР" номинациясы бойынша Абжапбаров Абай Ақылбекұлы,  сондай-ақ, " Әуезов университетінің 100 жаңа есімі" арнайы жобасының қазылар алқасында үміткерлердің жетістіктеріне жоғары кәсібіи, ғылыми деңгейде жан-жақты сараптама жасап, және де мамандар резервін құру мақсатында қосқан үлесі үшін химия ғылымдарының докторы, профессор Надиров Казим Садыкович  "Алғыс хатпен"  марапатталды.