Технологиялық машиналар және жабдықтар

 

Кафедра меңгерушісі

Волненко Александр Анатолевич

техника  ғылымдарының докторы, профессор

 

 

Мекен-жайы: 160012,ОҚО, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5.
Телефоны: 8(7252) 21-19-79
E-mail: nii_mm@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәлімет

Кафедра  1955 жылы шілде  айында  «Қазақ –химия технологиялық институтының» құрамында  «Химия  өндірістерінің   машиналары мен  аппараттары» болып  құрылып, Қазақстандағы  жоғарғы  оқу орындарының  ғылыми-педагогикалық  жалғыз  бөлімі  болды. 1961 жылдан  кафедра  түлектері-механиктер, Республикамыздың  құрылыс   материалдары  өнеркәсібі   кәсіпорындарында  мамандар  қатарын  толықтыра  бастады. Осы  уақыттан  бастап кафедра  түлектер  санын  нығайта  түсті.

Кафедра  дамуы жаңа және  қызықты   бағытқа  бет алды.  Бұл  бағыттың  орын  алуы  Республикамыздың  халық шаруашылығы  комплексіндегі  елеулі  құрылымдық  өзгерістермен  байланысты  болды. Ал кафедра  тек   құрылыс  материалдарды  кәсіпорындарында  ғана емес, сондай-ақ  химия  технологияларының  аппараттары  бойынша  мамандандырылды. 

Кафедраның лабораториясы өнеркәсәптік, жартылай өнеркәсәптік және лабораториялық өлшемдегі жабдықтармен және бақылау-өлшеу құрылғыларыменен жабдықталған.

Профессор -  оқытушылар құрамы

Кафедрада тәжрибелі және білікті оқытушылар мен профессорлар еңбек етеді. Профессор-оқытушылар құрамы жастардың білім алу үрдісінде белесенді араласатын 6 ғылым докторынан, 7 ғылым кандидатынан және 3 магистрден тұрады.

Ғылыми бағыт

Қазіргі таңда кафедраның ПОҚ – мен келесі бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер орындауда:

  • екіншілік көбіктүзілу, бойыменен дискретті орналастырылған денелерді тұтас ағынменен ағып өту барысындағы  газсұйықты қабаттың  резонансты тербелуі  мен құйындардың кезектесе әрекеттесуінің заңдылығы орнатылуы, мұның негізінде принципиалды жаңа жылу- және массаалмасу, газтазалау және шаңұстау аппараттарының жаңа классы құрылуы мүмкін;
  • химиялық технологиялар мұнайгазөңдеу және тамақ өнеркәсіптеріне арналған жаңа құбылыстар мен әрекеттерді әрекеттесулердің физикалық әдістерін және белсенді гидродинамикалық тәртіптерді іске асырушы жоғары тиімді процестер мен аппараттардың ғылыми негізін және есептеудің методологиясын құру;
  • көп фазалы ортадағы күрделі тұрақсыз химиялық технологиялардың процестерді диагностикалаудың, есептеудің және математикалық модельдердің жаңа әдістерін әзірлеу;
  • қалалы көлік жолқұрылыстық  экологияның методологиялық негіздерін құру және экологиялық қауіпсіз химиялық технологиялар мен және қалдықсыз кешендерді жобалау.

Біздің түлектеріміз

Кафедраның көптеген түлектері ірі өндірістік корпорация басшылары және мемлекеттік қайраткерлер болып еңбек етеді, атап айтқанда Жылқышиев Б.А. сенат депутаты,  Султанов Ж.А. аңшылар және балықшылар қоғамы басқарма төрағасы, Накисбаев В.И. Қазақстан Республикасы  Оңтүстік Қазақстан облысының ҰҚК департаментінің бастығы, Керимбаев А.М. – ЖФ  «Казфосфат»ЖШС Жаңажамбыл фосфор заводының бас инженері (НДФЗ), Сарсенов  Мураткали Бахтыгеревич «Казфосфат»ЖШС  ГПК Каратау және ГПК Чулактау филиалының директоры, Берестемов Максут  Берестемович Жамбыл заводының минералды тыңайтқыштарының зам. директоры. Мавиди Л.Х АО «НГСК Казстойсервис» ӨҚОФ директоры. Торский А.А. –директор  «Казмонтаж стройконструкция»ЖШС,   сондай-ақ олардың елеулі бөлігі өз өмірлерін ғылыми және педагогикалық іске арнады. Олар ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Чоманов О.Ч., т.ғ.д., Райымбердиев Талжан Пернешович т.ғ.д., Қ.А. Яссауи ат. ХҚТУ профессоры, ғылыми және халықаралық жөніндегі байланыс Вице-президент, Сулейменов Майдан Кадырович д.т.н., профессор, Ресей-Қазақстан университетінің ректоры, д.т.н., профессорлар Алтыбаев М.А.,Серманизов С.С., Куатбеков М.К., Бренер А..М., Бекибаев Н.С., Волненко А.А., Голубев В.Г.,Алтаев М.А.

Іс-тәжірибе базалары

Біздің студенттер еліміздің келесі жетекшілері мұнай, химия, құрылыс және тамақ кәсіпорындарында өндірістік іс-тәжірибе өтеді.  

«ПетроКазахстан Ойл Продактс»ЖШС; «КазФосфат» ЖШС ЖЖФЗ ТФ; «Нұр Ойл» корпорацияс ЖШС; «Стандарт Цемент» ЖШС; АО «Өнеркәсіптік қауіпсіздік ұлттық  ғылыми-техникалық орталық» АҚ; «Шымкент сүт»ЖШС; «Атырау мұнайөңдеу зауыты» ЖШС; «Резина–техникалық бұйымдар»ЖШС; «Кайнар май»ЖШС; «ӨҚ Южполиметалл»АҚ; «Ақтөбе хромдық қосылыстар зауыты»АҚ; «Асбоцемконструкция» ААҚ; «Интергаз Центральная Азия» АҚ; «Ордабасы индустриалды аймағы» ЖШС;  «Реактивті фосфорлық қосылыстыры» АҚ; «Шымкент сыра»ЖШС; «Корона»ЖШС; «Семей цемент зауыты»ЖШС.

Халықаралық қатынас

Кафедра қызметкерлері халықаралық  конференцияларға белсенді қатысуда. Кафедраның ПОҚ Ресей, Белоруссия, Германия және Қырғыстан ғылымдарымен жеке тұрғыда қарым-қатынас ұстауды.

«Студенттердің және магистранттардың Академиялық мобильдігі» бағдарламасы бойынша Белоруссия мемлекеттік техникалық университеті мен Минск қаласы және Санкт-Петербург техникалық институты Ресей Федерациясы қатынасуда.

Халықаралық қатынас шеңберінде шет-елдердің ғылымдардың және мамандарын дәріс оқу үшін оларды шақыру іс-шаралары жүргізілуде, сонымен қатар «Дөңгелек үстел» басында біріккен жобалар мен зерттеулер Ресеймен  (Санкт-Петербург техникалық институты), Белоруссия мемлекеттік техникалық университеті (Минск қаласы) және Вильнюскі университетімен (Литва) талқылануда.

Кафедра магистранттары Германия, Ресей және Литва ЖОО алдыңғы қатарлы технологиялық ҒЗ зертханаларында білім алып, тәжірибелерден өтуде.  

Талапкерлерге

Химия, мұнайгаз өңдеу, мұнайхимия, тамақ өндірістері мен құрылыс материалдар өндіріс кәсіпорындары Республикамыздың экономикасының қарқынды дамуын  анықтаушы өнеркәсіп  салалары болып табылады, сондай-ақ бюджеттік салымның қомақты түсімін анықтайды.    

Қазіргі таңда «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасында келесі мамандандырулары  бойынша халық шаруашылығының өнеркәсіп салаларына – техник бакалаврлар даярлап келеді.

  • «Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары»,
  • «Мұнай  және газ  өнеркәсіптерінің машиналары мен жабдықтары»,
  • «Табиғатты көркейту және қоршаған ортаны қорғау  өндірісінің машиналары мен  жабдықтары »,
  • «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру кәсіпорындарының  механикалық жабдықтары»,
  • «Тамақ өнеркәсібінің  машиналары мен аппараттары».

Қазіргі таңда  5В072400 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде білім алушы студенттер саны 421, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде 380 студент оқиды. Жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді.   

Кафедрада  жастарға сапалы білім беру үрдісіне тәжірибелі және біліктілігі жоғары  профессор – оқытушы құрамы белсенді араласады.Оның ішінде ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі Алтаев М.А., ҚР Ұлттық  инженерлік академиясының академигі Шарафиев А.Ш., және де 6 техника ғылымдарының докторлары, профессорлары, 7 техника ғылымдарының кандидаттар, доценттер.

Студенттердің жыл сайынғы өтетін өндірістік және дипломалды іс-тәжірибелері мен оқу-ғылыми-өндірістік кешендері Қазақстандағы ірі кәсіпорындарда өткізу жоспарланып, келісім-шарттарға қол қойылған. Мәселен, олар: «Петроказахстан Оил продактс» ЖШС,  «ПМХЗ» АҚ, «АХҚЗ» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС, «Оңтүстік мұнайгаз» ЖШС.

Кафедра түлектерінің қызмет аясы:

  1. «Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары» бакалаврлары – химия зауыттары мен комбинаттарында, минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттарда, гидролиз зауытында , қышқылдар өндіретін цехтарда , аймақтық технопарктерде , жобалау-конструкциялық мекемелерде ғылыми-зерттеу институттары  мен монтаждау мекемелерінде конструкторлау және жобалау мекемелерінде;
  2. «Мұнай және газ өнеркәсіптерінің машиналарымен жабдықтарының» бакалаврлары-мұнай  және газ өңдеу зауыттарында, газ және мұнай өндіру кеніштерінде, мұнай, мұнай өнімдері және газ  кәсіпорындарында, жобалау конструкциялық және ғылыми зерттеу мекемелерінде, жанармай сақтау базаларында  және т.б. кәсіпорындарда; мұнайгаз кешендерін монтаждау мекемелерінде;
  3. «Табиғатта көркейту және қоршаған ортаны қорғау  өндірісіндегі машиналары мен жабдықтары» - табиғат ресурстарын тиімді пайдалану ,  қоршаған ортаны қорғау мекемелерінде, экологиялық сараптау жасау  және т.б. кәсіпорындарда;
  4. «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру кәсіпорындарының механикалық жабдықтары» бакалаврлары – құрылыс материалдары мен  өнімдерін шығаратын  зауыттар мен цехтарда , асбест – цемент бұйымдарын  өндіретін мекемелерде , әк өндірісінде , керамикалық плиткалар , құбырлар  өндірісінде, және ғылыми-жобалау, механо-монтаждау кәсіпорындарында;
  5. «Тамақ өнеркәсібінің машиналары мен аппараттары» бакалаврлары ұнтарту  комбинаттарында , бидай сақтау , дайындау, нан және нанөнімдері, макарон шығару зауыттарында , цехтарында  өсімдік майларын өндіру  зауыттары мен цехтарында , азық-түлік өнмдерін  сақтау қоймаларында және т.б. мекемелерде жұмыс атқаруларына болады.

Сонымен қатар кафедрада «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық (2-жыл) және бейімдік бағытта (1,5 жыл) магистрлар және докторлар даярлайды.

Қазіргі таңда білім берудің озық инновациялық әдістерін қолдануменен кадрлар даярлаудағы жаңашыл жағдай қалыптасты, яғни еліміздің алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті болуына зор үлес қосушы мамандар. Бұл мәселенің жемісті шешімін табуда кафедра ұжымы белсенді еңбек етуде.