Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика

Кафедра меңгерушісі

Утенов Науат Марзанович,

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Мекен-жайы: 160012. ОҚО, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5.

Телефоны:  8(7252) 30-02-49,  e-mail: wmat@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәліметтер, кафедрар тарихы
«Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика»  кафедрасы «Жоғары математика» және «Физика» кафедраларының 2017 жылы бірігуінен пайда болған.
 
«Жоғары математика» кафедрасы Қазақ химия-технологиялық институт құрамында 1958 жылы құрылған.
Бірінші кафедра меңгерушісі - Кузнецов М.С.
2005 жылы «Жаратылыстану-педагогикалық» факультетінен бөлініп, «Механика  және  мұнай газ ісі» факультетінің құрамына өтті.
2015 жылы 3 қыркүйектен бастап  «Тоқыма   және  тамақ  инженериясы» жоғары мектебіне қосылды.
2017ж. тамызынан  бастап кафедра «Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика» деп аталады.
2009-2019 жылдары кафедраны техника ғылымдарының  кандидаты, доцент Аширбаев Хасымхан Атырханұлы басшылық  жасады.
 
 «Физика» кафедрасы болып бұрынғы Қазақ химия-технологиялық иниститутыны жеке құрамында, 1958 жылы құрылды.
Физика кафедрасын ұйымдастырған және алғашқы меңгерушісі болған  ф.-м.ғ.к., доцент Н.С. Мендахов еді.
Кейінгі жылдары кафедраны меңгергендер:
ф.-м.ғ.к., доцент Беспалова В.Г. (1967-1975 жылдары);
ф.-м.ғ.д., профессор Бахтыбаев А.Н. (1975-1985 жылдары);
т.ғ.к., доцент Сейтбеков Т.С. (1985-1988 жылдары);
х.ғ.д., профессор Грызунов В.И. (1988-1992 жылдары);
х.ғ.к., профессор Қабылбеков К.А. (1992-2001 жылдары);
ф.-м.ғ.д., доцент Тұрманбеков Т.А (2001-2002 жылдары);
ф.-м.ғ.к., доцент Сағындыков А.С. (2002-2006 жылдары);
х.ғ.к., доцент Мұсаев Ж.М. (2006-2007 жылдары);  
ф.-м.ғ.к., доцент Сайдуллаева Н.С. (2007-2017 жылдары). 
 
2019 ж. маусым айынан  бастап «Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика» кафедрасының меңгерушісіқызметін физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Утенов Науат Марзанович атқарып келеді.