Стандарттау саласындағы жаңа заңнама

Стандарттау саласындағы жаңа заңнама

     Қазақстан Республикасында ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастыру бойынша Техникалық реттеу жүйесін дамыту жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңы күшіне енеді. Аталған заңның ережелерін түсіндіру үшін 09.04.2019 ж. Шымкент қаласы мен Түркістан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК филиалы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін семинар ұйымдастырды.
      Жиында М. Әуезов атындағы ОҚМУ "Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының меңгерушісі Тулекбаева Айжамал Конисбаевна баяндама жасап,  ұлттық стандарттау жүйесі үшін стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласында кадрлар даярлау бойынша білім беру жүйесінің рөлін атап өтті.