Шет елдік оқытушыларды шақыру

Жыл сайын шет елдік оқытушыларды шақыру жоспарына сәйкес «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасына стандарттау, метрология, сертификаттау және сапа басқару бағытындағы шетелдің ең үздік  жоғары оқу орындарынан оқытушылар шақырылды.

Осы жылғы ғылыми оқытушылардың келуі 2016ж 14-15 сәуір айында халықаралық ғылыми практикалық конференцияға негізделді. Біздің шақырған оқытушы, Болгария Республикасы, Пловдив қаласы, Азық Түлік технологиялары Университетінің РһD докторы, профессор – Симов  Желязко Илиев конференцияға «Technologyes of fermented milks from non-traditional raw – milk» тақырыбындағы өзінің пленарлы баяндамасымен   қатысты.

Симов Желязко Илиев өзінің әр түрлі сүт өнімдерін өңдеу технологияларын жетілдіру бағытындағы  дәрістерін жүргізді, тыңдаушы ретінде университетіміздің «Азық – түлік инженериясы» кафедрасы  «Өңдеу өндірісі технологиялары» мамандығы магистрлері қатысты.

2016 жылдың  10- 24 сәуір аралығында осы оқытушымен жүргізілген жұмыстар өте жемісті болды деп санаймыз. Бекітілген жоспарға сәйкес  6М073200 – Стандарттау және сертификаттау, 6М072800 – Өңдеу өндірісі технологиялары бағытындағы магистрлеріне және «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандық студенттеріне арналған дәрістерін, семинар сабақтарын, ғылыми кеңестерін, сонымен бірге осы кафедраның ПОҚ үшін  мастер – класс өткізді.  «Стандарттау және сертификаттаудың нормативтік негіздерімен жасалған ешкі сүтінен алынған сүт өнімдері өндірісінің инновация–технологиялық шешімдері» тақырыбындағы профессор  А.У. Шингисов және доцент А.К. Тулекбаевамен бірлесе жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесі ОҚО АӨК  инновациялық  жобалар  байқауына өткізілді, «Сүт өнімдеріне поливитокомпоненттерді қолдану және өндіру технлогиясы» тақырыбындағы монография бөлімдері құрастырылды, студенттер мен магистранттардың оқу үрдісіне енгізу үшін  «Ірімшік алу технологиясы және оны сертификаттау» тақырыбындағы видиолекция  дайындалды.

 Орындалған жұмыс нәтижелері университет кафедраларының оқу бағдарламалары сапасын жоғарылытып,  азық-түлік инженериясы, сапаны басқару, метрология, стандарттау және сертификаттау бағытындағы шет елдік  ЖОО мен ұзақ мерзімді серіктестікке негіз болады деп есептейміз.