«Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану» мұражайына саяхат

«Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану» мұражайына саяхат
           
     Тұңғыш Елбасының Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында кеңістік пен уақыт-әр ғылым өзінше дара анықтама мен түсінік беретін аса күрделі ұғым. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі ғана афоризм емес. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тегімізді түгендеп, тарихымызды жаңғыртып, келер ұрпақ айта жүретіндей жобаларды жүзеге асырудың ұйытқысы болып отыр. Бұл – орынды мақтаныш. Бұл мақала – «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы. Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізеді. Өйткені, тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып, жетістіктерге жетеді. Бүгінде біздің басты міндетіміз – терең білімді, жан-жақты жетілген, бәсекеге қабілетті, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеп шығару. Бұл  жерде сіз бен біз болып атқаратын шаруа жетерлік.Осыған орай «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының 3курс студенттерін ММГ-16-6к1 тобының топ кураторы Отуншиева А.Е, ММГ-16-6к2 тобының топ кураторы Тоқтабек А.А «Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану» мұражайымен таныстыру.  «Оңтүстік Қазақстан» облысының көрнекті мәдени ошақтарының бірі. 94 жылдан астам тарихы бар мұражайдың басты міндеті - жергілікті халыққа және облыс қонақтарына керемет табиғат байлықтарымен, тарихы және мәдениетімен таныстыру.