«Онлайн режимдегі ақпараттық қауіпсіздік»

      02.12.20ж. сағат 09:35, ММГ-19-6р1 топ студенттерімен Қайсарова Арайлым Алмасқызының жетекшілігімен «Онлайн режимдегі ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында кіші жоба өткізілді. Аталған жобада ақпараттық қауіпсіздіктің техникалық және әлеуметтік-саяси аспектілеріне талдау жасалды. Жаһанды жайлаған кесірлі кесел салдарынан орын алған онлайн режимдегдегі оқыту жүйесіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кездесетін мәселелер қарастырылып, студенттерге олармен күресу жолдары көрсетілді.