«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген… »

«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының 2016 – 2017 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес 24 қарашада 408 Б аудиториясында сағат  9:35 ММГ 16-6к1 тобының тәлімгері Отуншиева А.Е. тәлімгерлік топ студенттерімен «Мен қазақпын, мың өліп,  мың тірілген… » атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын студенттер көңіліне ұялату. Студенттердің тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Осындай іс – шаралар жоғары санатты болашақ маман әзірлеу барысында студенттерді адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеуде маңызы зор.