Механика және машина жасау

Кафедра меңгерушісі 

Мырзалиев Дархан Сапарбайұлы

техника ғылымдарының кандидаты, доцент  

 

 

Мекен-жайы: 160012. ЮКО, Шымкент қ., Тәуке-хан даңғылы, 5.
Телефон: 8(7252) 30-05-70
e-mail: @mail.ru 

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мағлұматтар

1954 жылы Қазақ  химия-технологиялық институтында (қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚМУ) «Механика» кафедрасы ашылды. Алғаш  оны осы саладағы жетекші маман-ғалым С.У. Үмбеталин меңгерушілік етті.   Кафедраның ары қарайғы дамуы механикалық профильдегі  пәндерді оқитын мамандарды фундаментальды дайындауға  бағытталып, кейіннен бұл кафедра негізінде  кафедраларды әр жылдары Қазақстанға және шет елдерге танымал  ғалымдар басқарды:  «Теориялық механика» -  И.П.  Цай, С.Б Буралхиев, Х.М Датхаев, Н.М, Муталиев, А.Д. Дасибеков;  «Машиналар мен механизмдер теориясы және машина бөлшектері»: А.Ш. Шомаев, М.Ф. Уркумбаев, Ф.Е. Алтынбеков, А.Б. Куланов, Т. Колдасов,  Л.М. Бекжанов, Б.Ф. Уркумбаев, С.Ж. Абдрашев, А.Д. Кадырбеков;  «Материалдар кедергісі», В.А. Колесников, Н.А. Стальнов, Н.И. Лысенко, А.И. Айнабеков, Б.Р. Арапов; «Гидравлика»: Ш.Б. Сугуров,  Б.Д. Шинибаев, А.П. Болгов; «Металлдар технологиясы»:  В.П. Раков,  А.К. Омаров, А. Идирисов,  К.М. Исламкулов; «Құрылыс механикасы және серпімділік теориясы»:  М.К. Кадыров және т.б.

Айтылған кафедралардың өсіп-өркендеуіне   С.Б. Соболева, И.Р. Хакимов, Ж.К. Культурсынов, Т.П. Раимбердиев, М.С. Сарыпбеков, И.Б. Бекмуратов, А Акшабаев, А.Ш. Шарафиев,  М.Д. Шинибаев, Н.А. Айнабеков, З.К. Карабеков, Ф.А. Сайденова, В.О. Дуйсекеев, С.Г. Яковлев, Т.И. Турдалиев сияқты оқытушы-профессорлар өздерінің үлкен үлестерін қосты.

1999 жылы «Теориялық механика», «Материалдар кедергісі» және «Машина бөлшектері,  машиналар мен механизмдердің теориясы» кафедралары базасында «Қолданбалы механика» кафедрасы құрылып, оны 1999-2005жж. т.ғ.д.,  профессор Дасибеков  А.Д.,  2005-2011жж. т.ғ.д., профессор Печерский В.Н.басқарды. 2011жылы кафедра екі жаңа – «Механика» және «Машина жасау» кафедралары болып бөлініп, оларға т.ғ.д., профессор Печерский В.Н және т.ғ.к., доцент  Әбдірашев С.Ж. жетекшілік етті.

2015 жылдың 28 қыркүйегінде «Механика» және «Машина жасау» кафедралары қайта біріктіріліп, «Механика және машина жасау» кафедрасы болып қайта құрылып, «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің бір құрылымдық бөлімшесі  болып саналады, оны қазіргі уақытта т.ғ.к., доцент Мырзалиев Дархан Сапарбайұлы басқарады.  

Кафедра фундаменталды, ғылыми-практикалық, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізіп, өндірістер мен мекемелерге ақпараттық, консультативтік қызметтер көрсетіп, оқу процесстеріне инновациялық технологияларды енгізіп келеді.

2006 жылы м.Әуезов атындағы  ОҚМУ «Қолданбалы механика» кафедрасы 050712  «Машина жасау» мамандығы  бойынша 4 жыл мерзімде оқитын бакалаврларды дайындайтын   мамандық  ашуға рұқсат алды  (29.06.2006ж., №0008671 лицензиясына қосымша,  №573 бұйрық).   Осы мамандық бойынша бірінші талапкерлерді қабылдау 2007/2008 оқу жылы жүзеге асып,  2011 жылы  бірінші түлектер оқуларын  бітіріп, дипломдарын қорғап шықты.  Қазіргі уақытта «Механика және машина жасау» кафедрасы техникалық мамандықтар үшін «Механика»бағытында жалпы білім беретін және «Машина жасау» мамандығы бойынша 5В071200, 6М071200 білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар мен магистрлерді дайындайды (ҚР БЖҒМ лицензиясы. Серия АБ  №0137399, 03.06.2010ж., қосымша №0110378 30.06.2010 ж).  Бағдарламалардың даму стратегиясы ЖОО стратегиялық жоспарына  сай жасалған және ғылымды қажет ететін ресурстарды пайдалану жағынан тиімді өндіріспен байланысқан. Бітірушілер өтімді машина жасау өнімдерін жасауға бағытталған өндірісті-технологиялық, жобалы-конструкторлық, ұйымдастырушы-басқарушылық, ғылыми-зерттеу салаларына қарай дайындалады.  Бағдарлама жобалаудың заманауи әдістері мен құралдарын қолдана отырып, тозуға қарсылықты көтеруге және машина жасау бөлшектері мен аппараттардың қайта пайдаланудың технологиялық процестерін математикалық, физикалық,  компьютерлік модельдеуге негізделген.

Білім беру бағдарламасының мақсаттары орындалу үшін кафедрада мынадай қажетті ресурстар бар:

- жоғары біліктілігі бар профессор-оқытушылар құрамы;

- оқу базасы, оның құрамына 10 оқу аудиториясы, 100 адамдық 4 дәрістік аудитория, электронды ресурстар залы, 2  компьютерлік сынып, 5 мамандандырылған зертхана және жалпы ауданы 1126,89   ш.м. зертханалық шеберханалар;

-  көлемі 500 Мбайт, берілген оқыту бағдарламасы бойынша студенттердің дайындығы үшін қолданылатын электронды әдебиеттер қоры;

- дайындық саласы бойынша мамандандырылған іс-тәжірибе базаларының болуы.

5В071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша студенттерді жалпы орта  білім базасында, орта арнайы білім базасында және  жоғары кәсіби білім базасында күндізгі және сырттай оқыту формасы бойынша оқыту түріне қарай  2, 3, 4 жылдық мерзімде жеделдетілген, қысқартылған, толық оқыту түрлері қарастырылған. Оқыту бағдарламасын іске асыру мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал 2017 жылдан бастап ағылшын тілінде жүргізіледі. Мамандық бойынша оқытудың жалпы технологиясы – кредиттік болып саналады.

Оқу жоспарының барлық пәндері ҚР МБС сәйкес жалпы білім пәндері (ЖБП), базалық пәндер (БП) және профильді пәндер (ПП) циклдеріне топтастырылған. Білім бағдарламасында кредиттерді циклдар арасында бөлінуі келесі сипатта орындалған: барлығы – 131 кредит, ЖБП – 33, ПП – 3.

Білім бағдарламасының оқыту жоспарының міндетті компоненті бойынша мазмұны ҚР МБС талаптарына сай жасалған.

Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы

«Механика және машина жасау» кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамының саны 2017/2018 оқу жылы 22 оқытушыны құрайды, оның ішінде ғылым және PhD докторлары, профессорлар – 6, ғылым кандидаттары, доценттер – 10, аға оқытушылар – 4, магистрлер мен оқытушылар 2. Штаттық кесте бойынша профессор-оқытушылар құрамының құрастырылуы 100%-ды құрайды. Осы оқыту бағдарламасы бойынша дәріс беретін ОПҚ мамандыққа сәйкестендірілген, ғылым докторының және кандидатының дәрежесіне, сонымен қатар магистр академиялық дәрежесіне ие. Кафедрада білім алушыларға оқытылатын пәндер бойынша оқытушыларды таңдау немесе алмастыруды қамтамасыз ету үшін білікті ПОҚ құрамынан жеткілікті қор бар.

Кафедрада жүзеге асырылатын шетелдік ғалымдарды шақырту бағдарламасы аясында белгілі шетел ғалымдары мамандық бойынша студенттер мен магистранттарға Санкт-Петербург (Ресей Федерациясы), Нант (Франция), Вроцлав (Польша) сияқты елдерден профессорлар мен ғалымдар келіп дәрістер өткізіп тұрады.

Кафедра өзінің 50 жылдан астам тарихында Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан, сондай-ақ алыс шет ел оқу орындарымен тәжірибе алмасу жұмыстары да жүргізілуде.

«Механика және машина жасау» кафедрасының докторлары және ғылым кандидаттары кандидаттық және докторлық диссертацияларға пікірлер мен рецензиялар жазады, магистрлік және кандидаттық диссертацияларды қорғауда ресми оппоненттер, докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғауда диссертациялық Кеңес мүшелері, сонымен қатар РhD докторлық диссертациялық Кеңестерінің мүшелері болып табылады.

Профессор, т.ғ.д. А.И.Айнабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі, Қазақстанда механик-ғалымдарды дайындауда үлкен үлес қосқан тұлға, ол докторлық және кандидаттық диссертацияларды  қорғау Кеңесінде 10 жылдан астам басшылық қызмет атқарды. Профессор, т.ғ.д. Қ.М.Исламқұлов Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. Профессор, т.ғ.д. А.Д.Дасибеков – Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі,  ол еліміздің 2008 жылғы «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері. Кафедраның оқытушылық құрамы ҚР БжҒМ аясында өткізілетін конкурстарға ұдайы қатысып отырады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Кафедраның  ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары:

1. «Жабдықтар мен конструкциялардың ұзақ мерзімділікке  және беріктікке технологиялық  және эксплуатациялық жағдайлардың әсерлерін зерттеу және беріктікті жоғарылатудың әдістерін жасау».

 2. «Жаңғыртылатын энергия көздерін қолданудың технологиясы мен жабдықтарын дайындау бойынша ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар»;

3. «Жоғары класты жазық және кеңістікті механизмдерді талдау және синтездеу». 

4. «Серпімді-сырғымалы топырақтардың сызықты емес топтастырылуының математикалық модельдерін жасау»

5. «Сыртпішін құру, беттік беріктендіру процесстері негізінде бөлшектердің сапасын және ұзақ мерзімділігін арттыру мақсатында беттерді өңдеудің технологиялық процесстерін зерттеу»

Кафедра ПОҚ құрамынының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, жақын және алыс шет елдік, соның ішінде  Шеффилд, Прага, София, Харьков, Донецк, Алматы, Шымкент және т.б. жерлердегі конференцияларда,  ғылыми жинақтарда, журналдарда  жарық көреді. ҒЗЖ қорытындыларын енгізу актілерін өндіріске енгізу (2016/17 оқу жылы – 11 акті) және оқу процессіне енгізу (2016/17 оқу жылы – 20 акті) актілері жасалды. Сонымен қатар, 4 жарық көрген патенттер де бар.

 Кафедрада «Машина жасаушы» студенттік ғылыми үйірмесі (СҒҮ) жұмыс істейді. Үйірменің жұмыс істеуіне кафедра базасында орналасқан әр түрлі білдектер, пісіру аппараттары  шеберханалары, «Машиналар мен механизмдер теориясы», «Материалдар кедергісі»,  «Машина бөлшектері және конструкциялау негіздері» зертханалары, виртуальды зертханасы жағдай жасайды. Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми жұмыстары машина жасау өндірісіндегі технологиялық процесстердің актуальды мәселелеріне, станоктардың құрылымы, кескіш инструменттедің беріктігі мен сенімділігі, машиналар, агрегаттар, машина жасау кәсіпорыны цехтарын жобалау сияқты тақырыптарға арналады. Көптеген СОЗЖ орындау тақырыптары актуальды болып саналады және машина жасау саласындағы нақты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталады.

           Халықаралық қарым-қатынас

«Механика және машинажасау»  кафедрасы алыс-жақынды көптеген шет елдік университеттер мен білім беру ұйымдарымен тығыз ғылыми байланыс орнатқан. Олардың ішінде Ресей мұнай және газ университеті,  Челябинск, Санкт-Петербург жоғары оқу орындары, Ресей;  Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Франция, Польша мемлекеттері бар. Академиялық ұтқырлық жетекші шет елдік университеттермен, халықаралық білім  бағдарламалары мен жобаларды іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметтерін атқару, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру, оқытушы кадрлармен алмасу және студенттік ұтқырлық дамыту аясында жүргізіледі.

Халықаралық қарым-қатынас орнату және дамыту мақсатында  дәрістер оқытуға шет елдік белгілі ғалымдар, мамандар шақырылады.  Мысалы 2013 жылы техника ғылымдарының докторы, Лоран университетінің (Франция) бірінші профессоры  Мишот  Жерар  Франсис, техника ғылымдарының докторы,  2014 жылы Люблин техникалық университетінің (Польша) профессоры Вуйцик В.Ч., 2015 жылы техника ғылымдарының докторы, Харьков техникалық  университетінің  (Украина) профессоры Аврамов К. В. Бакалаврлар мен магистранттарға ғылыми семинарлар өткізді.

Жаңа нарықтық заманда «Машина жасау» мамандығы бойынша шет елдік студенттерді  оқытуға тарту болып табылады. Бұл мақсатта кафедра университеттің халықаралық қарым - қатынас жасау орталығымен бірлесіп осы бағытта  біршама жұмыстар атқаруда.

Кафедра жетістіктері

       Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА)  ҚР ЖОО мамандықтары білім беру бағдарламаларының «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағыты бойынша рейтингісінде біздің университетте оқытылатын 5В071200 Машина жасау мамандығы әрдайым жоғары орындардан көрініп келеді, атап айтсақ 2013 жылы – III орын, 2014 жыл – - 2017 жылдары II орын,  ал 2016 жылы  I орынды иеленді. 

Біздің студенттеріміз ҚР жоғары оқу орындарындағы Республикалық жыл сайын өткізілетін студенттердің жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық  және экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстарына белсенді түрде қатысады. 2016 жылы өткізілген конкурста кафедра студенттері келесі жоғары орындарға ие болды:

1-ші орын - ММГ-13-2р тобы студенттері Булегенов А.А., Абилдаев Н.М., ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Печерский В.Н.

2-ші орын – ММГ-14-2рд тобы студенті Туранов А., ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Сейтказенова К.К.

2-ші орын – ММГ-14-2рд тобы студенттері Жораев С.Н., Куралов А.У., ғылыми жетекшісі: т.ғ.к.  доцент  Абзалова Д.А.; ал  2017 жылы:

2-ші  орын   - ММГ-14-2рд тобы студенттері Жораев С.Н., Кулясов Н.А., ғылыми жетекшісі: т.ғ.к.  доцент  Абзалова Д.А.;

2-ші  орын   - ММГ-14-2рд тобы студенттері  Исаев О. И Тойчибаев А. ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Печерский В.Н. ;

3-ші  орын   - ММГ-14-2рд тобы студенттері  Куралов А.У., Кульбаев У.А. ғылыми жетекшісі: т.ғ.к.  доцент  Мырзалиев Д.С.)

2017 жылдың басында ОҚО кәсіпкерлері Палатасымен қарым қатынасы және «Дуальды білімнің жол картасы» жобасы аясында «KARLSKRONA LC AB» ЖШС ОҚМУ машина жасау мамандығы бойынша 26 студентті жазғы практикада және сонда оқытуға шешім қабылдаған болатын. Серіктестік жариялаған «Үздік студент» конкурсының қорытындысы бойынша А. Тұранов (3-ші курс) және Асылбек М. (4-ші курс) оқу орынын бітіргенге дейін осы «KARLSKRONA LC AB» машина жасау зауытының стипендиясымен қамтамасыз етілетін болды, ал тағы бір студентке (Кулясов Н.)  кәсіпорын ноутбук ұсынып,  мақтау грамотасымен құттықтады.

2017 жылы көкек айында Қостанай қаласында  ЖОО студенттері арасында        өткен IX  Республикалық пәндік олимпиадада 5В071200В Машина жасау мамандығы бойынша  ММГ-14-2рд тобы студенті Кульбаев Ұлан  ІІІ дәрежелі дипломмен наградталды, ал ұйымдастырушылар атынан ОҚМУ командасы олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін университет ректорына алғыс хат жолданды.