Мамандығым - мақтанышым

Шолаққорған елді мекеніндегі Мыңжылқы мәдениет үйінде 19.04.2016ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен “Мамандығым - мақтанышым” тақырыбында мектеп бітіруші түлектерге арналған олыстық форум өтті. Кездесуге аудан әкімі және 462 мектеп бітіруші түлектер шақырылған. Механика және мұнайгаз ісі факультеті деканының орынбасары Ешанқұлов Ә. бастаған факультеттің кәсіби бағдар беру жұмыстарына жауаптылар тобы оқушыларды университеттің барлық факультеттерімен дайындалатын барлық мамандықтар туралы кеңейтілген ақпараттармен таныстырды. Барлық түлектерге қажетті кеңестер берілді және әр түрлі таратпа материалдармен қамтамасыз етілді.