Құттықтаймыз!

ҚҰТТЫҚТАУ!

 2019 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссиясы отырысының баспасөз хабарламасы бойынша университетіміздегі «Механика және машинажасау» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Абшенов Хасен Асанбекұлы "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағына ие болды.  Конкурсқа еліміздің 81 жоғары оқу орнынан 471 үміткер қатысып, оның ішінен 48 жоғары оқу орнынан 200 оқытушылар ғана жеңімпаз атанды.

Бұл атақ әріптесімізге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілікті арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Кафедра ұжымы Абшенов Хасен Асанбекұлын  2019 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағына ие болуымен шын жүректен құттықтайды!