Кәсіптік бағдар

       М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың, «Механика және мұнайгаз ісі» факультеті «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы, Шымкент қаласы бойынша «Хамза атындағы  №42 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «№43 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен  10.12.2020 жылы мектеп мұғалімдері мен мектеп бітіруші түлектері және ата-аналарымен ZOOM платформасында онлайн семинар  өткізілді. Сонымен қатара мектеп бітіруші түлектер көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берген, университет жайлы ақпараттармен  таныстырып өткен «Кәсіптік бағдар беру орталығының  білім алушылар контингентін қалыптастыру бөлімі басшысы» Отарбаев Нұрлыбек Шырынбекұлы болды. Кафедра меңгерушісі т.ғ.к.,доцент Тулекбаева Айжамал Конысбаевна кафедра жайлы мәліметтермен таныстырып өтті. ММГ 18-6тк студенті Оспан Дидар және ММГ 19-6р1 студентті Жакенов Алиенжан өздерінің осы мамандыққа қызығушылықпен түскендері жайлы өз ойларымен бөлісіп  студенттік өмірдің қызықтары жайлы айтта кетті.