Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» тақырыбындағы ашық тәлімгерлік сағат

 Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының 2015-2016 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнап «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасында ММГ-15-6к тобының тәлімгері Д.А. Турдыбекованың ашық тәлімгерлік сағатында  «БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» зияткерлік ойыны өткізілді. Сабаққа қонақ ретінде университетіміздің аға тәлімгері С.Д.Бейсенов, «Механика және мұнайгаз ісі» факультеті деканы С.А. Жапбаров, «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы меңгерушісі А.К.Тулекбаева, сонымен бірге кафедра ПОҚ мен студенттері қатысты. Студенттердің  әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс өз ішіне төрт асуды  қамтыды.  «Үш тұғырлы тіл» бағытында өткізілген ойын қорытындысы бойынша  Карсибаева Ұлдан бас жүлдеге ие болып, «БІЛІМДІЛЕР КУБОГЫН» жеңіп алды. Сонымен бірге, екі студент  Н.Ахметова мен  А. Жарылқасын ІІ және ІІІ орындар үшін дипломмен марапатталды.

    Студенттердің белсенділігі мен білім денгейінің жоғарылығы, ұйымдастыру шеберлігі тәлімгерлік сағатқа қатысқан қонақтардың көңілінен шықты.