Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі жолдауын талқылады

24.01.2018ж. «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінде Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  дәстүрлі жолдауын  талқылау  бойынша факультет ұжымының жиыны өтті. Жолдаудың негізгі бағыттары  бойынша факультет деканы  М.Нарманов баяндама  жасап Президент жолдауындағы  білім бағдарламаларының жүзеге асу тетіктері бойынша сөз қозғады. Жарыссөзге шыққан механика және машина жасау кафедрасының профессоры  Ә.Дасибеков  және  мұнайгаз ісі  кафедрасының профессоры К.Надиров адами капитал, индустрияландыру, логистика, рухани жаңарту  бағыттары  бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша  өз  ойларымен  бөлісті.