Қалдырған ізің мәңгілік!

         Жақында М.Әуезов атындағы университетте  талай жыл жемісті қызмет атқарған атақты ғалым ағамыз, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі   марқұм Исламқұлов Қайрат Мұханметқұлыұлының қайтыс болғанына бір жыл толуына орай  осы оқу орнында салтанатты түрде мемориальдық тақта мен  атаулы зертхана ашылды.   Қайрат Мұханметқұлыұлы көптеген жылдар бойы қазіргі «Механика және машина жасау» кафедрасында студенттер мен магистранттарға дәрістер беріп, ғылыми-жұмыстармен айналысқан болатын. Ғалым есімі берілген атаулы зертхана В корпусының 131 бөлмесінде орналасқан. Мұнда арнайы  сынақ құрылғыларынан басқа стенд-тақталарда академик-ғалымның өмірбаяны мен ғылым жолындағы жетістіктерін көрсететін көптеген жәдігер құжаттар үлгілері бар суреттер көрсетілген.

       «Механика және машина жасау» кафедрасының ұжымы, студенттер мен магистранттар Қайрат Мұханметқұлыұлы Исламқұловпен бірге қызмет атқарып, дәріс алғанымызды мақтаныш етеміз.