Факультет туралы

 

Факультет деканы

Нарманов Мырзабай Мырзалыұлы

Химия  ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

 

Мекен-жайы: 160000,  Шымкент, Тауке Хан даңғылы, 5, Механика және мұнайгаз ісі факультеті
Телефон: 8(7252) 30-02-49
e-mail: ukgu_fmngd@mail.ru

►«Механика және мұнайгаз ісі» факультеті бойынша 2016-2017 оқу жылына арналған шет тілінде оқу үрдісі бойынша кадрлық қамтамасыз ету

Жалпы мәліметтер

Факультет 2002 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университет құрамындағы «Мұнай мен газды өндіру және өңдеу» факультеті болып құрылды. 2006 жылдың тамыз айынан, «Мұнай мен газды өндіру және өңдеу» факультеті.  М. Әуезов атындағы университет құрамындағы мұнай және газ институт болып қайта құрылды. Институт құрамында 5 кафедра болды. 2009 жылы тамыз айынан бастап мұнай және газ институты мен техникалық институт базасында «Құрылыс,машина жасау және көлік факультететі» болып біріктірілді. 2011 жылдың наурыз айынан 19-шы жұлдызынан білім беру сапасын жақсарту мен мамандарды дайындаудың тиімділігін арттыру мақсатында «Құрылыс,машина жасау және көлік» факультететі «Құрылыс және көлік» және «Механика және мұнайгаз ісі» факультеттері болып екіге бөлінді. Факультет құрамында 4 кафедра бар.

1. Механика және машинажасау кафедрасы;

2. Мұнайгаз ісі кафедрасы;

3. Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы;

5. Стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасы.

Профессор-оқытушы құрамы

Қазiргi таңда факультеттің 4 кафедрасында  оқытушылар құрамының жалпы саны 75 болса,  олардың iшiнде 14 ғылым докторлары, профессорлар, 35 ғылым кандидаттары мен  доценттері бар. Олардың ішінде ҚР білім және ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлығының  иегері т.ғ.д., профессор Надиров К.С., ҚР инженерлік академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Айнабеков А.И. және ҚР «Шарыктау» фондының премия иегері, т.ғ.к., доцент Жантасов М.К. қызмет атқарып келеді.  

Студентік өмір

Жыл сайын факультет студенттерінің саны артып келеді. Қазіргі кезде факультетің құрамында төрт бітіртуші кафедра бар және 4 мамандық, сондай-ақ 5 мамандыру  бойынша мамандандық даярлайды және 900-ге жуық студент оқиды.

Барлық студенттер оқу-әдістемелік әдебиеттер фондымен, компьютерлік бағдарламалармен және сыныптармен, жеткілікті аудиториялық фондпен қамтамасыз етілген.

Талапкерлерге

5В070800- Мұнайгаз ісі

Оқу мерзімі: бакалавр -4  жыл,  магистр - 2жыл

Біліктілігі – мұнайгаз ісі бакалавры

Бакалаврларды кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:

·         өндірістік технологиялық қызметі –мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаумен, мұнай өнімдерін  және газды өндірумен, кәсіпшілікте және зауытта дайындаумен, тасымалдаумен және сақтаумен тікелей айналысатын мекемелерде;

·         өндірістік басқару қызметі- белгілі дәрежеде өндірістік тәжірибе жинақтағаннан кейін мұнай өндірісінің мекемелерінде, компанияларында және ұжымдарында;

·         жобалау -конструкторлық қызметі –магистратураны аяқтағаннан соң мұнай және газды өндіруге, дайындауға тасымалдауға және сақтауға арналған жабдықтар мен технологиялық үрдістерді жобалаумен айналысатын жобалау –конструкторлық институттарда, бюроларда және ұжымдарда;

·         ғылыми-зерттеу қызметі –қабаттардыжәне ұңғыларды, флюидтердің физика-химиялық  қасиеттерін, айдалатын және сақталатын сұйықтар мен газдарды зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу институттарында және зертханаларында.

5В071200- Машинажасау

Мамандандырулар:

5В0712.01 – Машинажасау технологиясы

5В0712.02 – Ауылшаруашылық машинажасау технологиясы

Оқу мерзімі:  бакалавр -4  жыл, магистр - 2жыл

Біліктілігі – машинажасау бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы ретінде: авиакосмостық машинажасау, транспорттық (теміржол, көлік) машинажасау, ауылшаруашылық машинажасау және жабдықтар, мұнай-газ және тау-кен өндірісі, химиялық және ауыр машинажасау, энергетикалық сала, жоғары және орта оқу орындарында, жеңіл және тамақ өндірісі, халықтық тұтыну тауарлары өндірістері және барлық жөндеу өндірістері, менеджмент және компьютерлік модельдеу негізінде көпшілік және арнайы қолданылатын бөлшектер өндірісінде қолданылатын заманауи қондырғыларды жобалау институттары.

Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері: машинажасау саласының басқармалары мен ұйымдары, шикізаттарды өңдеу зауыттары, құрылыс, машинажасау бұйымдары мен құрылымдарын өндіру, техника мен жабдықтарды жөндеу зауыттары.

Кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

·         өндірістік-басшылық – жаңғырту, жөндеу, дайындап-жасау жұмыстарына сәйкес  тау-кен, энергетика, мұнайгаз саласы, химия, ауыр, жеңіл машинажасау өндірістерінің ұжымдарын басқару;

·         жобалау-конструкторлық жұмыс – машинажасау саласындағы жобалау конструкторлық жұмыстарды атқару, инженерлік жүйелер, механикалық, электрлі қондырғылар, механизациялау мен автоматтандыру құралдарын, көлік машиналарын жөндеу және пайдалану;

·         ұйымдастыру-технологиялық – муниципалдық ұйымдар мен  машинажасау кәсіпорындарының жұмыстарын ұйымдастыру;

·         ғылыми-педагогикалық – жоғары және орта оқу орындарында ғылыми-педагогикалық жұмыстарды атқару.

5В072400- Технологиялық машинаналар және жабдықтар (салалар бойынша)

Мамандандырылу аталулары:

Табиғаттары зерттеу және қоршаған ортаны қорғау машиналары және жабдықтары

Мұнай және газ өнеркәсіптерінің машиналары және жабдықтары

Химия өндірістерінің машиналары және аппараттары

Оқу мерзімі: бакалавр -4  жыл, магистр - 2жыл

Біліктілігі: Технологиялық машиналар және жабдықтар бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы әскери-өнеркәсіптік кешенді қосканда, өнеркәсіптің барлық салалары, сонымен қатар. жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеулер болып саналады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

·         есептік жобалау;

·         өндірістік-технологиялық;

·         эксперименттік-зерттеу;

·         ұйымдастыру-басқарушылық;

·         жинақтау-баптау;

·         сервистік-пайдалану.

5В073200- Стандарттау, метрология және сертификаттау

Оқу мерзімі: бакалавр -4  жыл, магистр - 2жыл

Біліктілігі: Стандарттау, метрология және сертификаттау бакалавры

Мамандықтың оқу жоспары әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыс-ғылыми мамандық бағыттарында ғылыми пәндерден түзіледі. Оқу процессі кафедраның оқытушылары мен қызметкерлері жүргізетін оқу-зерттеу, ғылыми тәжірибелі жұмыстарға студенттер белсенді қатысады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

·         экономикалық есептік жобалау;

·         өндірістік-технологиялық;

·         экспертиза-зерттеу;

·         ұйымдастыру-басқарушылық;

·         жинақтау-баптау

·         менеджерлік-пайдалану.

Анықтама сымтетіктері:

Факультет деканы

х.ғ.к., доцент  Нарманов Мырзабай Мырзалыұлы              30-19-21

«Мұнайгаз ісі» кафедра меңгерушісі

т.ғ.д., профессор Надиров Казим Садыкович                   30-05-70

«Механика және машинажасау» кафедра меңгерушісі

т.ғ.к., доцент Мырзалиев Дархан Сапарбайұлы               30-09-70

«Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедра меңгерушісі

т.ғ.д., профессор Волненко Александр Анатольевич          21-19-79

«Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедра меңгерушісі

т.ғ.к., доцент Тулекбаева Айжамал Қонысбайқызы                 30-07-63