Ел ертеңі – білімді жастар

Жастар жылына  орай «Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика» кафедрасының ұйымдастыруымен 28.03.2019ж «Ел ертеңі – білімді жастар» атты іс шара өткізілді.

 Іс-шарада факультет деканы, х.ғ.к., доцент М.Нарманов жастар жылында атқарылар іс-шаралармен, еліміздің тұңғыш президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың жастар жылының ашылу салтанатында айтқан міндеттері мен жоспарларына тоқталса, факультеттің жас кәсіпкері, ММГ-18-3р  топ студенті Ш.Исметов «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша өзінің шағын кәсіпкерлік жұмыстарымен таныстырды. Кеш соңы студенттердің өнерлерімен аяқталды.