Дүниежүзілік Метрология күні

        2021 жылы 20 мамыр күні Дүниежүзілік Метрология күніне арналған  «Денсаулық үшін өзгеріс»  тақырыбында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің директоры Есқараев Бастар Әуелханұлы, «Қазақстан стандарттау және метрология» институты директоры Бейсеев Сәкен Әнурабекұлы, Маханбетова Айнұр, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Тулекбаева Айжамал Конисбаевна мен ПОҚ өкілдері және мамандығының студенттерін қатыстыра отырып ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта бейне конференция өткізді. Дүниежүзілік Метрология күнімен  құттықтай отырып өз жұмыстарына тоқтала кетті.