Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру және жастар жылы аясында «Абай Құнанбаев мұрасы» тағылымды кеші

       Кафедра тәлімгерлері мен студенттері 21.11.2019ж. М.Әуезов ат. ОҚМУ, №3 жатаханада Абай Құнанбаев мұрасы» тағылымды кешін өткізді. Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту және «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу, ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау мақсатында «Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика» кафедрасының аға тәлімгері Оразалиева Р., ММГ-19-3к1, ММГ-19-3к2 ММГ-19-3к3 топ тәлімгерлері мен студенттері жатахана студенттеріне мерекелік кеш ұйымдастырды.