Бейбіт елдің жастары-бейбітшілікке үндейді

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың  75 жылдығына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын қолдау мақсатында  «Бейбіт елдің жастары-бейбітшілікке үндейді атты тақырыпта 28.10.2018ж. «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің кубогына арналған пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Шымкент қаласының орта арнаулы және жоғарғы жоғары оқу орындарының 40 командасы қатысып   білімдерін көрсетті. Пікір сайыс Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру мақаласын жастар арасында насихаттау, егемен еліміздің белсенді жастарының  қазақ мемлекеттілігі,тәуелсіздік құндылықтары туралы ойларын бір арнаға тоғыстыру және азаматтық жауапкершілігі зор,интеллектісі жоғары,рухани жан дүниесі бай тұлғаны қалыптастыру мен дамыту міндеттеріне негізделеді .Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен және кубокпен  марапатталды.