«Ашық есік күні»

      М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың акт залында 04 ақпанда 2020 жылы «Механика және мұнайгаз ісі» факультеті  "Ашық есік күнін" ұйымдастырды, ол  Шымкент қаласының мектеп және колледж түлектеріне арналды.  Іс-шараға оқушылардың ата-аналары, жұмыс берушілер, өткен жылдардың түлектері шақырылды. "Стандарттау және сертификаттау" кафедрасы өткізілген іс-шара аясында оған Түркістан жоғары аграрлық колледжінің түлектерін, №68 және №25 мектеп шақырылды. "Стандарттау және сертификаттау"  білім беру бағдарламасы бойынша кафедра меңгерушісі Тулекбаева А. К. сөз сөйледі, сонымен қатар кафедра студенттері мамандық туралы ролик дайындады, студентік  өмірі туралы айтып, соңында 1 курс студенті Жакенов А. А. әнін шырқады.