Басты бет

Механика факультетi 1958 жылы  ұйымдастырылып 1999 жылы Құрылыс факультеттерінің  бiрiгуі нәтижесiнде бiрыңғай Механика-құрылыс факультетi  болып ашылды. 2002 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университет құрамында «Мұнай мен газды өндіру және өңдеу» факультеті құрылды. 2006 жылдың тамыз айынан, «Мұнай мен газды өндіру және өңдеу» факультеті М. Әуезов атындағы университет құрамындағы «Мұнай және газ» институты болып қайта құрылып, 2011 жылдың наурыз айынан білім беру сапасын жақсарту мен мамандарды дайындаудың тиімділігін арттыру мақсатында «Механика және мұнайгаз ісі» факультеті болып қайта құрылды. Факультет құрамында 4 кафедра бар.

1. Механика және машинажасау кафедрасы;

2. Мұнайгаз ісі кафедрасы;

3.Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы;

4. Стандарттау және сертификаттау кафедрасы.

Факультеттің миссиясы 

–машинажасау және мұнайгаз ісі өндірісіндегі  жоғары технологиялық және ғылымға негізделген өндіріске қажетті бүгінгі нарық талаптары мен халықаралық стандарттарға жауап беретін мамандар даярлау;

- заманауи білім беру технологияларын енгізу мен факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының оқу-әдістемелік қызметін үнемі жандандыру негізінде тұтынушылар талабына сай келетін мұнай-газ және машинажасау мамандықтары бойынша жоғары білікті мамандар, бакалаврлар және магистрларды дайындау;

- факультет түлектерінің ғаламдық білім беру қызметі нарығындағы және Қазақстан Республикасының кадрлар нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

- білім, ғылым және өндірісті интеграциялау мақсатында факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметі деңгейінің ұдайы өсуін қамтамасыз ету;

- мұнай-газ машинажасау саласы бойынша мамандар дайындау сапасын арттыруға бағытталған бірлескен іс-әрекет жасау мақсатында батыстық жетекші университеттермен өзара тиімді әріптестік орнату арқылы әлемдік білім беру үдерісіне етене араласу;

- өндірістік практиканы ұйымдастыру және одан кейін жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында өндіріспен – жұмыс берушілермен байланысты кеңейту;

- іргелі техникалық білімдерін жоғары адамгершілік, рухани және патриоттық қасиеттермен ұштастыра білетін мамандар дайындау.

Қазiргi таңда факультеттің 4 кафедрасында  оқытушылар құрамының жалпы саны 84 болса,  олардың iшiнде 15 ғылым докторлары, профессорлар, 30 ғылым кандидаттары мен  доценттері бар. Олардың ішінде ҚР білім және ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлығының  иегері, Казақстан Республикасы жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2011, т.ғ.д., профессор Надиров К.С., ҚР инженерлік академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Айнабеков А.И. және ҚР «Шарыктау» қорының сыйақысының иегері, т.ғ.к., доцент Жантасов М.К. қызмет атқарып келеді. 

Механика және мұнай газ ісі факультетінде 4  білім беру бағдарламасы бойынша 10 мамандандыру  бакалавр, 4 білім беру бағдарламасы бойынша магистр және 1 білім беру бағдарламасы бойынша Phd.докторларын дайындайды.   Қазіргі кезде факультет бойынша 1000нан аса студент білім алуда, оның ішінде 875 студент мемлекттік білім беру грантында оқиды.

Факультет студенттері үшін әр-түрлі бағыттағы шығармашылық топтар құрылған, олар: Би ансамбльдері, ән және жыртоптары, КТК командасы ( «Балдырған» және «Корпус В» КТК командалары Университетте, обылыстық және Республикалық жарыстарда улкен жетістіктерге ие болып жур).

Барлық студенттер оқу-әдістемелік әдебиеттер қорымен, компьютерлік бағдарламалармен және сыныптармен, жеткілікті аудиториялық қорлармен қамтамасыз етілген.

Студенттердің бакалавр және магистратура бағдарламалар бойынша сапалы білім алу үшін факультетте „Машинажасау технологиясы зертханасы“, „ Технологиялық машиналар мен жабдықтар технологиясы зертханасы“ арнайы зертханалар мен компьютерлік класстар жұмыс істейді. Факультетте машинажасау және мұнайгаз салаларының заманауи  бағыттар бойынша ғылыми орталықтар, СҒҚ және СКБ жұмфс атқарады.

М.М. Нарманов

химия ғылымдарының кандидаты, доцент